AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда ресейліктер ағынынан соң тұрғын үйді жалға алу бағасы үш есе өскен

Түркияда тұрғын үйді жалға алу ресейліктердің елге ағылуына байланысты үш есе өсті.
Жалға берілетін тұрғын үй бағасының қымбаттауы Украинадағы жағдай аясында, яғни ақпан айының соңынан бері тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Риэлторлардың айтуынша, соңғы уақытта Ресей азаматтары тарапынан Түркияда ұзақ мерзімді тұрғын үйді жалға алуға сұраныс айтарлықтай өсті. Бұл Анталия мен Аланияда тұрғын үйді жалға алу бағасының екі жарым – үш есе өсуіне дейін әкелді.

Пәтер жалдау бағасы екі-үш есеге, мәселен: Ыстамбұл, Измир, Бодрум және Фетхие қалаларында шағын студия үшін айына 1-1,5 мың долларға (шамамен 500-700 мың теңге) дейін өскен. Жылжымайтын мүлік агенттігінің басқарушы серіктесі Екатерина Шиманскаяның айтуынша, қазір жаңа бағамен тұрғын үйді жалға алу қиын, өйткені жалға беруге мүмкін болатын тұрғын үйлер де қалмай барады.

Сонымен қатар, пәтер иелері келісілген қаржыны бірден алты ай үшін төлеуді жиі талап ете бастады.  Сондай-ақ жергілікті пәтер өткізуге қатысты заң жүйесін  айналып өтіп, ақшаны доллармен төлеуді талап етуде.

Риэлторлар ресейліктер Түркиядан басқа Армения мен Грузияға жаппай баратынын атап өтті. Мұнда пәтерді жалға алуға деген сұраныс бір жарым есе өсіп, тиісінше бұл да бағаның өсуіне әкеліп соқты.  Риэлторлардың айтуынша, қазір Тбилисиде пәтер жалдау кем дегенде 450-500 доллар (228-254 мың теңге) тұрады, ал Батуми, Кутаиси және Руставиде пәтер жалдап тұрудың орташа бағасы 350 долларды (180 мың теңгеге жуық) құрайды.

Ал Арменияда баға көрсеткіші 30%- ға өсті. Пәтерді жалға алу құны айына 350 доллардан басталады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр