Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда қаза тапқан қазақстандықтардың денесі Алматыға жеткізілді

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінде мәлімдеді.

"Қаза тапқан отандастарымыздың денесі Антакья қаласынан Антальяға жеткізіліп, 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді. Мемлекет тасымалдау бойынша барлық шығындарды өз мойнына алды", – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.


"Ауқымды дүниелер жасағысы келетін": Бағдат Мусин Түркиядағы зілзалада қаза тапқан қазақстандық туралы естелігімен бөлісті

 

Түркияда хабар-ошарсыз жоғалған тағы бір отандасымыз табылды

 

Гүлдана Қазтай
Жексенбі, 12 Ақпан, 2023 08:40