Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия президенті Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккендерден кешірім сұрады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жойқын жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстарының кешіккені үшін кешірім сұрады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NTV арнасына сілтеме жасап.

Түркия президенті елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен ең ауыр зардап шеккен Адияман провинциясына сапары кезінде жұртшылықтан кешірім сұрады.

"Өкінішке орай, біз Адыяманда алғашқы бірнеше күн бойы деструктивті қарсылық, ауа райының қолайсыздығы және инфрақұрылымның бүлінуінен туындаған қиындықтар салдарынан қалаған жағдайда жұмыс жүргізе алмадық. Ол үшін сіздерден кешірім сұраймын. Біз бәрін түсінеміз және қажетті нәрсені жасайтынымызға күмән жоқ. Алғашқы күндері қиындықтарды еңсерумен біз Адыяман бауырларымыздың құтқару және көмек көрсету жұмыстарын жеделдеттік"- деді Ердоған.

Ердоған өз сөзінде бүгін жер сілкінісінің 22-ші күні екенін және 6 ақпан күні таңертең ел басынан кешкен апаттан кейін 10 мың дүмпу болғанын алға тартты. 
Президент жер сілкінісінен кейін бірнеше күн өткен соң 10 ақпанда мұнда келіп, зардап шеккендермен апат ауыртпалығымен бөлісуге тырысқанын
еске салды. Және сол уақыттан бері Адыяманның көп өзгеріске ұшырағанын мәлімдеді.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 28 Ақпан, 2023 15:14