Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен опат болғандар саны 7,7 мыңнан асты

CNN телеарнасы Түркия мен Сирия аумағында болған жер сілкінісінен 7 726 адам көз жұмғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

түркия

Түркияның вице-президенті Фуат Октай жер сілкінісінен кем дегенде 5 894 адам көз жұмғанын, тағы 34 810 адамның жарақат алғанын хабарлады. Оның сөзінше, апаттан кейін 16 139 команда іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Мұнда әлемнің 70-тен астам мемлекеті құтқарушылар мен өзге де көмек жіберген.



Сирияның мемлекеттік SANA ақпарат агенттігінің мәліметінше Алеппо, Латакия, Хама, Идлиб пен Тартус провинцияларында жер сілкінісінен кейін 812 адам көз жұмған. 

Ал CNN телеарнасы Сирияда 1 832 адамның опат болып, 3 894 адамның жарақат алғанын хабарлады. 

Еске салайық, Түркиядағы жойқын жер сілкінісі 6 ақпанда болған. Зілзаланың магнитудасы 7,4 балға жеткен. 

Назархан Уән
Сәрсенбі, 08 Ақпан, 2023 07:28
Талқылау