Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия құрамасының баскетболшысы жер сілкінісі салдарынан қаза тапты

Түркияның 3x3 баскетболдан әйелдер құрамасының ойыншысы Нилай Айдоған елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

нилай айдоған

Айдоғанның денесі Малатия қаласындағы үйінділердің арасынан табылды. 

"Ұлттық құраманың баскетболшысы Нилай Айдоғанның көз жұмғанына қайғырамыз. Ол Чанкай университеті әйелдер баскетбол суперлигасы клубтарының құрамында еді. Бұл – елімізді қатты дүр сілкіндірген жер сілкінісі", – делінген ұйымның хабарламасында.

Айдоған 30 жаста еді. Ол әжесіне бару үшін Малатияға барған. Спортшы мен оның туысы тұрған үй жер сілкінісі салдарынан қирады.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 13 Ақпан, 2023 08:15
Талқылау