Түркия құрамасының баскетболшысы жер сілкінісі салдарынан қаза тапты
Түркияның 3x3 баскетболдан әйелдер құрамасының ойыншысы Нилай Айдоған елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айдоғанның денесі Малатия қаласындағы үйінділердің арасынан табылды.
"Ұлттық құраманың баскетболшысы Нилай Айдоғанның көз жұмғанына қайғырамыз. Ол Чанкай университеті әйелдер баскетбол суперлигасы клубтарының құрамында еді. Бұл – елімізді қатты дүр сілкіндірген жер сілкінісі", – делінген ұйымның хабарламасында.
Айдоған 30 жаста еді. Ол әжесіне бару үшін Малатияға барған. Спортшы мен оның туысы тұрған үй жер сілкінісі салдарынан қирады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

