Түркістандық ер адам қала арасындағы тас жолда мас күйде жолаушылар тасымалдаған
50 жастағы ер адам Астана – Петропавл автожолында мас күйінде жолаушыларды тасыған. Полиция апаттың алдын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Polisia.kz
Деректерге сүйенсек, автобустың мас жүргізушісі 40 жолаушыны тасымалдаған.
“Тәртіп сақшылары Астана – Петропавл автожолының 232-шақырымында қызмет атқару кезінде Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны басқарған Van Hool автобусын тоқтатты.
Құжаттарды тексеру және әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Оған Бурабай ауданының ауруханасына медициналық тексеруден өту ұсынылды. Онда дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде екенін растады.
Жүргізуші 40 жолаушыны тасымалдаған. Осы факті бойынша жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.
Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"