Түркістанда үйінді арасында өмір сүріп жатқан төрт балалы отбасыға пәтер берілді

Түркістанда сүрілген үйінің үйіндісінің арасында тұрып жатқан көпбалалы ана Аяжан Абдуллаеваның оқиғасы жалғасын тапты. Төрт балалы отбасыға пәтер берілді. Сонымен қатар отбасының оқиғасына қатысты тың мәліметтер шықты. 

Түркістанда үйінді арасында өмір сүріп жатқан төрт балалы отбасыға пәтер берілді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде Аяжан Абдуллаева жаңа пәтеріне көшіп кіріп, орналасып жатыр. Ол бірнеше апта бұрын сүрілген үйінің орнында көз жасын төгіп, қиын жағдайы туралы айтқан еді. 

«Осындай сыйға көп рахмет. Әкімдікке баспаналы болуға көмектескені үшін алғыс білдіремін. Қатты қуаныштымын. Ендігі балаларым ел қатарлы өмір сүре алады», - дейді көпбалалы ана.

Белгілі болғандай, Аяжан Абдуллаева таяуда көшіп кірген пәтердің оған берілгеніне 3 жыл болыпты. Тұрғын үй инспекциясындағылардың сөзінше, нысан пайдалануға берілген кезде олар Аяжанды таба алмапты. 

«Қазір Аяжан Абдуллаева пәтердің заңды иесі болып табылады. 2017 жылы қызметкерлеріміз Аяжанға хабарласқан. Алайда ол сот болып жатқандықтан уақыты жоқ екенін айтыпты. Ол үйіне көшіп кіргеннен кейін құжаттарын рәсімдейміз», - дейді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Әбутәліп Асанов.

Сонымен қатар бұған дейін Аяжан Абдуллаева алаяқтардың құрбаны болып, үйінің сот шешімі бойынша сүрілгенін айтқан еді. Алайда қалалық соттағылар оның сөзін жоққа шығарды. Үйді сүру туралы сот шешімі болмаған. Құжаттарға сәйкес, Абдуллаева баспанасын сатып, артынша үйін босатпай қойған. Мұнан кейін үйді босату туралы сот шешіміне шағымданбаған. Нәтижесінде үйдің жаңа иесі оны сүріп тастапты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістанда төрт балалы отбасының үйінді арасында өмір сүріп жатқаны хабарланған еді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Министр Аймағамбетов: Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын арттыру керек

Көптеген мектеп директорларының жұмыс вакансиясы бос тұр

Сұлулық салонында аса қауіпті ауру жұқтырған бойжеткен жұртты сақтандырды

Педикюр жасатқан бойжеткеннің аяғына ірі жара қаптап кеткен

Қазақстанда шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Шетелдік көлік жүргізушілері туралы ақпарат сақтандыру полисінің деректері негізінде анықталады

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

"Иісі жаман екен": Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды
Çàãðóçêà...