Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне байланысты барлық музейлер жабылады

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне байланысты 14–15 мамыр күндері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен музей-қорыққа қарасты барлық музейлер уақытша жабылады.
“Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне орай 14, 15 мамыр күндері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және музей-қорыққа қарасты барлық музейлер жабық болады. Сондай-ақ ол күндерге "Тикетон" және "Давай сходим" қосымшалары арқылы алдын ала онлайн билет сатып алуға да шектеу қойылды.
Халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу барысында енгізілетін уақытша шектеулер мен қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз”, – деді "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?