Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда алаяқтар қазақстандықтарды гипноздың көмегімен алдап соғып, тонап кетті

Түркістанда гипнозбен алаяқтық жасаған топ ұсталды. Олар сендіру әдісін пайдалану арқылы адамдардың ақшасын ұрлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тұтқындалған  Өзбекстан азаматшалары белгілі бір жүйе бойынша жұмыс істеген. Көшеде кетіп бара жатқан адамдармен танысып, олардың сеніміне кірген. Сосын әрқайсысы үйді тіл көзден сақтай алатынын айтып, қала тұрғындарын сөздеріне сендірді. Нәтижесінде қазақстандықтар алаяқтарға бағалы заттарын, ақша мен техникасын, тіпті тамағын берген. Әйелдердің төрт ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Құқық қорғаушылардың пікірінше, олардың қолынан зардап шеккен адамдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. 

 

Талқылау