Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі ашылатын болды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп.

Түркістан қаласының  Саттарханов даңғылындағы ғимарат заманауи талаптарға және қаланың жаңа келбетіне сай болады.

Спорт кешенінде 320 орынға арналған үлкен зал және бірнеше жаттығу секторлары қарастырылған. Кешен құрылыыс жақын арада басталады. Ал келесі жылы пайдалануға беру жоспарланған. Желілік саябақ бойындағы кешен аумағы толықтай абаттандырылып, көгалдандырылады.

Еске салсақ, түркістандық Бекзат Саттарханов бокстан Олимпиада чемпионы (Сиднейдегі Олимпиада 2000). 1980 жылы 4 сәуірде дүниеге келген, 2000 жылы 31 желтоқсанда жол апатынан қайтыс болды. 

Талқылау