Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев Арыста жалдамалы пәтерде тұрып жатыр

Жойқын жарылыстан кейін отыз күн бойы арыстықтармен бірге тұрамын деген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстың орталығында жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Жуырда журналистерді сол үйге қонаққа шақырамын деп уәде етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп.

шокеевОблыс әкімдігінің баспасөз қызметі Өмірзақ Шөкеевтің Арыста тұрып жатқанын мәлімдегенімен, мекен жайын нақты айтпады. Аырста,ы жәрмеңкеге өз үйінен келді деп қосты. Жарылыстан зақымданған үйдің қатарында Арыс қаласының әкімінің үйі де бар. Сырт көзге терезелерінің сынғаны байқалады. Оны уақытша жасадым деген әкім, жаз болған соң үйде терезесіз тұрып жатқанын айтады.

"Кленка қағып қойдық. Қалада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Реті келгенде үйімді де жөндеп аламын. Қазір де сол үйде тұрып жатырмын. Тұруға мүлде келмейді емес, мүмкіндік бар", дейді Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек. 

Арыс тұрғындарының кейбірі тұрғын үй мекемесіндегілердің арендалық ақыны төлеңіз деген талабына таңырқап отыр. Төтенше жағдайда ақыдан неге босатпайды? Қираған баспанада тұрмасақ та амалсыз талапты орындадық дейді тұрғындар. Әкімдік заңды қарағанын, төтенше жағдай болғанда өтемақыдан босату механизмі бар екенін, төлеп қойған болса келесі айда шегереміз деп нақтылады.

"24 маусымнана бастап төтенше жағдай режимнен шыққаннан кейін сол аралықты өтемақыдан алып тастаймыз", - деді Мұрат Қадырбек.

Көршілес Ордабасы ауданынан бір топ тұрғын келіп, облыс әкімінң жүз мың өтемақы беріледі деген ресми ақпарат бойынша ақша беруін талап еткен. 

Айтуларынша, әкімнің әлеуметтік желіде қала маңындағы Ақдала, Ақжол, Дермене ауылдарының тұрғындарына да 100 мың теңге өтемақы беріледі деп хабарлаған. Алайда облыс әкімінің кеңесшісі тұрғындарды сабырға шақырып, ондай ақпарат берілмеді деп ақталған. 

 

Талқылау