Түркістан облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі мен үш жолаушы қаза тапқан.
"ВАЗ көлігінің Volvo жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты", – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан көлік жол жиегіне шығып кетіп, жеті адам қаза тапқан еді.
"Акушерьге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады