Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды. Желіде апаттың видеосы тарады (видео)

Шымкент-Жібек жолы автожолында жол апаты орын алып, салдарынан 5 адам көз жұмды. Желіде апат орнында түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды. Желіде апаттың видеосы тарады (видео)

Жол апаты бүгін, 16 шілдеде, сағат 13:15 шамасында орын алған. 
Желіде тараған видеода «КамАЗ» көлігіне соғылған шағын автобустың күл-талқаны шыққаны көрінеді.

Полиция мәліметінше, «Мерседес» шағын автобусы алдында келе жатқан «КамАЗ» көлігіне соғылған. Салдарынан оқиға орнында шағын автобустың 5 жолаушысы тіл тартпай кетті. Сонымен қатар «Мерседес» жүргізушісі мен тағы 6 жолаушы зардап шеккен. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

 

Полиция аталған фактінің ҚР ҚК 345-бабына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізімдемесіне тіркелгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Талқылау