Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушы қыз Шымкентте көшеден табылды

Шымкент полицейлері қала көшелерінің бірінен бір ай бұрын Түркістан облысында жоғалып кеткен 16 жастағы оқушы қызды тапты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мақтарал ауданында тұратын оқушы қыздың анасы оның 11 қазанда Шымкент жаққа кетіп, сол күйі хабар-ошарсыз кеткенін айтқан. 2003 жылғы қызды іздестіруге полиция бөлімінің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. 

Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, қыз баруы мүмкін деген жерлерді тексеріп, куәгерлер мен ол туралы білуі мүмкін деген жүргіншілерден жауап алды. 

Түркістан облысы мен Шымкенттегі полиция бөлімдерінің барлығына жоғалып кеткен қыз туралы мәлімет таратылды.

Қызды іздестіру басталғаннан бір ай өткеннен кейін Мақтарал аудандық полиция бөлімінің лейтенанты Сансызбай Демеу қызды Шымкенттің көшелерінің бірінен тапты. Артынша қыз ата-анасына қайтарылды. 

Қазіргі уақытта полиция мән-жайды анықтауға кірісті.

Талқылау