Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жоғалып кеткен 14 жастағы баланың денесі ауылдағы кәрізден табылды

14 жастағы Рүстем Жанболаттың денесі Түркістан облысы Шұбарсу ауылындағы кәрізден табылды. Бала бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz арнасына сілтеме жасап. 

Жасөспірім 19 желтоқсанда жоғалып кеткен. Ол түстен кейін үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. 

"Лидер" қозғалысының туыстары мен еріктілері 14 жастағы баланы іздеуге көмектесті. Олар барлық әлеуметтік желілерде оның жоғалғаны туралы ақпарат таратқан.

Шымкентте жоғалған адамдарды табуға көмектесетін "Лидер" қозғалысының үйлестірушісі Людмила Герасимованың айтуынша, баланы іздеу жұмыстары 21 желтоқсан түнге дейін созылған.

"Іздеуге еріктілер, Шымкент полициясы, баланың туыстары ат салысты. Бізге басында таратылған хабарламаны көрген қыз қоңырау шалып, баланы 112-ші кварталдағы 75-ші мектепте көлікпен алып бара жатқанын айтты. Біз сол жерге барып, іздедік. Алайда одан соң баланың өзі тұратын Шұбарсу ауылындағы кәрізде өлі күйінде табылғаны хабарланды", - дейді ол. 

Людмила Герасимованың айтуынша, баланың анасы жоқ. Ол ата-әжесімен бірге тұрған. Әкесі туралы ақпарат белгісіз. 

Талқылау