Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында тауда денесі табылған студенттің кім екені белгілі болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында табылған 6-ыншы турист туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, табылған мәйіт 2004 жылы туған жігіттікі екендігі анықталды. Жоғалған жігіттің әкесі өз ұлының денесін таныды", – деді ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 12 маусымда Түркістан облысының тауларында жоғалған 6-ыншы туристің денесі табылғанын мәлім еткен болатын.

21 мамыр күні Түркістан облысының "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған 7 турист жоғалып кетті. 24 мамырда олар кері қайтуы керек болатын. 25 мамырда туристердің жоғалғаны туралы "112" пультіне хабар берілген.

28 мамырда 7 адамның 3-еуі табылып, құтқарылды. Ал 29 мамыр күні екі туристің денесі табылды. Бүгін ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли қалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлім еткен болатын.

Талқылау