Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында су тасқынан кейін эвакуацияланған ауыл тұрғындары үйлеріне оралды

Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғындары су тасқынан кейін өз үйлеріне қайта оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

су басу

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше су басқан соң 200 адам мен 800-ге жуық мал эвакуацияланған. Қазіргі таңда 200-ге жуық аула судан тазартылған. 

Өз үйлеріне оралған тұрғындар төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді. 

"Малайқорған ауылының тұрғынымын. 2 ақпанда ауылды су басты. Бала-шағамызды аулы әкімшілігінің көмегімен эвакуацияладық. Қазір үйге келдік. Ауланы тазартып, су сору жұмыстарын жүргізгені үшін өрт сөндірушілерге рахмет айтамыз", – деді ауыл тұрғыны Ахмедияр Әкеев.

Еске салайық, су басқан аймақтағы жағдайды білу үшін төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысына келген еді. Облыста республикалық және облыстық жедел штаб жұмыс істейді. 

Назархан Уән
Жұма, 03 Ақпан, 2023 17:23