Түркістан облысында оқушыларды видеоға түсіргені үшін жігітті аяусыз ұрып-соққан
Түркістан облысында оқушы қыздарға араша түскен ер адамдар жігітті ұрлап, ұрып-соққан. Анықталғандай жәбірленуші қыздардың жігітпен кездескен сәтін жасырын видеоға түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетісай аудандық сотында 22-25 жас аралығындағы 3 азаматқа қатысты үш қаралған. Олар бұзақылық және заңсыз бас бостандығынан айыру және қару қолдану баптарымен айыпталған.
Сот барысында Жетісайда кәмелетке толмаған қыз 23 жастағы досына шағымданып, жоғары сынып оқушысының оны видеоға түсіріп, желіде таратқанын айтқан. Анықталғандай жігіт қыздардың кездесу сәтін видеоға түсіріп алған. Бұдан кейін ер адам достарымен бірге "блогерді" кездесуге шақырған екен. Кейін жігітті көлікке отырғызып, ұрып-соғып, аяғынан травматикалық қарудан оқ атқан.
Жәбірленушінің денесі көгерген, мұны дәрігерлер денеге орташа және жеңіл зиян келтіру деп бағалапты. Полиция үш күдіктіні ұстаған. Тергеу кезінде жәбірленуші екі күдіктімен татуласыпты. Ал оқ атқан үшінші күдіктіге 3 жыл 5 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған