БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында көпбалалы аналар "21 мыңға мал сатып аласыңдар" дегендерге ашуланды

Түркістан облысы Түлкібас ауданының жұмыспен қамту мекемесі көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмекке деп берілетін қаражатқа «жаппай мал сатып аласыңдар» деген талап қойып отыр екен. Ал аналар бұл заңға қайшы деп қарсы шығып жатыр. Өз ақшамызды еркін жарата алмай отырмыз дегендер 21 мың теңгенің мал сатып алуға берілмегенін шенділерге дәлелдей алмадық дейді. Ал аудандағы жауапты мекеме қызметкерлері мал алуға міндеттеген жоқпыз дейді.

Түркістан облысында көпбалалы аналар

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Түлкібас ауданының Састөбе тұрғындары биліктің балаға берілетін 21 мың теңге жәдемақыға «мал сатып алыңдар» деген талабы орынсыз екенін айтып отыр. Жұмыспен қамту бөлімі сондай талап қойған соң, аналардың алды қой сатып ала бастағандарын айтады. Ал пәтерді жалға алғандар мен көпқабатты үйлердегі тұрғындар «малды қайда асыраймыз?» деп отыр.

«Күйеуі барлар мал алатынын, күйеуі жоқтар өз қажеттіліктеріне жарататынын айтты. «Ақша түсетін болса, мал аласыңдар. Малдың құжаты болады. Соны бізге әкеліп өткізесіңдер», -деді», - дейді тұрғын Гүлжан Абылаева.

Билік «мал сатып алсын» деген әңгіменің болғанын жасырмайды. «Мал алса өздеріне жақсы, жағдайы тезірек түзеледі» деп есептейді. Тіпті, кеңестеріне алғысын жаудырушыларға есеп жоқ екенін айтады. Ал жәрдемақыны пайдалануға болмайтын нәрселер де бар екен.

«Стандартта жәрдемақыны сауда-саттықпен айналысу, қарыздарын өтеуге пайдаланбасын деген бар. Үйімнің шатыры тесік еді деген бір-екі отбасы бар. Солар жөндеп алды», - дейді Түлкібас аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Әскербек Ибрайымов. 

Алайда жәрдемақысына мал сатып алмағандар үшін қандай да бір жауаптылық жоқ, дейді. Бұл тек ұсыныс, орындау міндетті емес, деп отыр олар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр