Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ауруханада шетінеп кеткен үш айлық сәбидің өліміне туыстары дәрігерлерді кінәлайды

Түркістан облысындағы Темірлан елдімекенінде 3 айлық бала ауруханада жатып, шетінеді. Туыстары нәрестенің өліміне дәрігерлер кінәлі дейді. Айтуларынша, суық тигізіп, сырқаттанған сәбиге ақ халаттылар ем-дом жасау түгілі, дұрыс диагноз да қоя алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

сәби

Үш айлық Дінмұхамедтің туыстары аурухана басшылығына шағымдарын жеткізді. Ал анасы болса, бауыр еті баласынан көз жазып қалғанына сене алмастан есін жия алмай жүр. Дінмұхамед Айгерімнің үшінші ұлы екен. Ол дәрігерлер ден қойып жаза алмады деп ашулы.

«Ауырып жатқанына қанша уақыт болды. Бірақ қарамайды. Қаланың ауруханасына жібер десем, ол жаққа да жібермеді. Әйтпесе баламның жағдайы қиын екенін мен көріп тұрмын», – дейді сәбиінен айрылып қалған ана.

Анасының айтуынша, сәби тамыз айының басында суық тигізген. Содан бері ыстығы жиі көтеріліп, аурухананығ табалдырығын тоздырыпты. Ал соңғы кезде жағдайы нашарлап, жан сақтау бөлімінде жатқан нәрестеге ақ халаттылар мүлде назар салмады деп отыр туыстары. 

Аурухана басшылығының айтуынша, тиісті ем жасалған. Сәби өлімі үшін кешірім сұраған ол қолдан келгеннің барлығын ісиелік деп отыр. Дегенмен бас дәрігердің айтқан құжаттарын туыстары сағаттап тосып, мәйітті облыстық сараптамаға алып кетті. Өйткені ол аудандық аурухана жанындағы мәйітханаға сенімсіздік білдіріп отыр. 

Талқылау