Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 10 тіл үйреніп, 68 мың кітап оқыған кітапханашы көпті таңдандырды

Түркістан облысы Түлкібас ауданының 29 жастағы тұрғыны Мейірхан Топанбай 68 мыңнан аса кітап оқыған. Кітапханашы болып жұмыс істейтін ол бала кезінен бері І-топтағы мүгедек екен. Сөзінше, кітап оқу ақыл-ой мен креативті ойлау қабілетін дамытады. Сонымен қатар күйзеліс пен үрей симптомдарын төмендетеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сітеме жасап. 

Мейірхан

Екі жыл бұрын Мейірхан "Үздік оқырман" атанған. Сондай-ақ ол оқыған кітаптарды арнайы протоколға енгізілді. 

"Бұрын мен жұмысқа дәл қазіргідей қызықпайтын едім. Мүгедектігі бар адам үй шаруаларымен шұғылдана алмайды ғой. Сондықтан бар қызығушылығым кітап болды. 2021 жылы Түлкібас аудандық және Шымкент қалалық жастарға арналған кітапханасы маған арнайы алғыс хат берді. Сонымен қатар үздік оқырман атандым", – дейді Мейірхан Топан. 

Мейірхан бірнеше тілді меңгерген. Мектеп оқып жүргенде неміс, француз тілдерін меңгеріпті. Қазір италян тілін үйреніп жүр екен. 

"Әр тілдің тарихы бар. Түрік, грек, қазақ пен орыс тілі – туған тілімдей. Олдһарды еш уақытта бөлген емеспін. Армян мен грек тілдерінде сөйлеймін. Мектеп кейін неміс пен француз тілін меңгердім. Университетке түскен соң парсы мен тәжік тілдерін үйрендім. Поляк және болгар тілдерінде сөйлей аламын", – деп қосты ол. 

Кітапханашы мүмкіндігі шектеулі азаматтар туралы цитаталар жинағын басып шығарған. Қазір Мейірхан қазақ әдеби шығармаларын өзге тілге аударумен шұғылданады. Ал бос уақытында қолөнермен айналысады.

Назархан Уән
Жұма, 10 Ақпан, 2023 10:29