Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туристік сапар кезінде ұрланған 4 жасар қыз 18 күннен кейін аман-есен табылды

Австралияда ата-анасымен бірге туристік сапарда жүрген кезіде жоғалып кеткен 4 жасар Клео Смит аман табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыздың іздестірілу жұмыстары бүкіл ел бойынша жүргізілді. Ол ата-анасымен бірге шатырдың ішінен шығып, 16 қазанда жоғалып кеткен. Батыс Австралияда оны іздеуге жүздеген полиция қызметкері, құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылды. Баланы барлық жерден іздеген. Оның орналасқан жері туралы ақпаратты айтқан үшін миллион доллар сыйақы уәде етілді. Полиция баланың шатыр ішінен өз бетінше шыға алмағанына сенімді болды.

Тәртіп сақшылары ата-анасының қыздың жоғалуына қатысы жоқ екенін бірден анықтады. Тергеу бұл жағдайды адам ұрлау деп таныды.  

Күн өткен сайын баланың аман табылу мүмкіндігі азая берді. Оның үстіне күннің аптап ыстығы мен жабайы аңдардардың барын есепке ала отыра, құқық қорғаушылар жақын елді мекенді аралап, қызды іздеструді күшейтті. 


Қызын сексуалды құлдыққа сатып жібергенін білген: Ер азамат 19 жастағы жігітті өлтіріп, денесін көлікте қалдырып кеткен 


Клео Смит жоғалған жерінен 100 шақырым жерден табылды. Полиция оны қамалып отырған үйден тапқан. Баланы табуға кинологтар көмектесті. 

Баланы ұрлады деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда. 

Талқылау