Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда автогаз тапшылығы байқалды

Ақтауда автогаз тапшылығы сезіле бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірнеше күннен бері газ құю бекеттерінің алдында көлік кезегі көбейген. Әсіресе таңертең және кешке жүргізушілер газ таппай қалады екен.

Қазір қаладағы газ құю бекеттерінің көбі жабық дейді жүргізушілер. Көгілдір отын тапшы екенін бекет иелері де растап отыр. Ал ашық тұрғандарында ұзын-сонар кезек. Тұрғындар алдағы уақытта автогаз бағасы қымбаттауы мүмкін деп алаңдауда. Ал әкімдік өңірде сұйылтылған отын қоры жеткілікті деп жайбарақат отыр. Тапшылыққа өзге өңірлерден көлікпен келетін саяхатшылар кінәлі деп сендірді.

“Маңғыстау облысының сұйытылған мұнай газына сұраныс 17 000 тонна. 30 мамырда Ақтаудың автогаз станцияларында қалдық қоры -  838,0 тонна. Сұраныстың көбейіп кету себебі: сыртқы өңірлерден, Атырау, Ақтөбеден туристер көп келіп жатыр. Сол себепті сұйытылған мұнай газына қазір сұраныс көбейіп отыр”, – деді Маңғыстау облысы энергетика және ТКШ басқармасының бас маманы Жасұлан Бекболат.

Талқылау