Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түнімен жыланмен арпалысамыз": Алматы облысының тұрғыны үйінің жағдайы туралы айтты

Алматы облысында жылан ордасының үстінде өмір сүріп жатырмыз деген тұрғын елден көмек сұрап отыр. Айтуынша бес жылдан бері тұрып жатқан үйінің асты толған жылан. Жалғызбасты ана Гүлмира Үмбеталиева соңғы күндері тіпті күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғанын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Алматы облысының тұрғыны Гүлмира Үмбеталиеваның күні мен түні ауысып кеткендей. Жыландар мен егеуқұйрықтардың дыбысынан ұйықтауға мүмкін емес деген оның әрбәр таңы арпалыспен ататын көрінеді. Үйіндегі жыландардың бөлшектенген денесін көргенде балалар бұл баспанада қалай тұрып жатыр деген сұрақ туады. Күйеуінен жесір қалып, осыдан 10 жыл бұрын Гүлмира мен оның баласы көлік апатына түсіп мүгедек болып қалған. Бұл үйді аудандық мәслихаттың депутаты уақытша пайдалануға беріпті. 

Гүлмира Үмбеталиеваның жағдайын ауыл түгіл, аудандағылар жақсы біледі екен. Биылғы жылы үйіне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп берген көрінеді. Ал баспана мәселесі бойынша сұраққа ауыл әкімі терең күрсініп, қинала жауап берді.

«Спонсорлық көмек арқылы шешеміз. Себебі ауыл әкімшілігінің тарапынан бізде үй болмағандықтан, біз оған баспананы бүгін-ертең береміз деп айта алмаймыз», - деді КазЦИК ауылдық округінің әкімі. 

Әкім көмек береміз дегенімен қашан екенін айтпады. Ал алда суық қыс пен қатты аяз келе жатқандығы тағы бар.      


Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2020 жылдан бастап қандай банкноттарды қабылдауды тоқтатады

Талқылау