Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкер түнгі клубтардан ішімдік ішпеуді сұрады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметкерлер мас күйінде болмауы тиіс екендігін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

клуб

"Мемлекеттік қызметші тазалық эталоны болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлық туралы, тіпті, айтудың өзі артық. Мемлекеттік қызметкердің этикасы-өте маңызды мәселе. Халықтың біздер (мемлекеттік қызметкерлер. - ред.) туралы "олар түнгі клубтарда жүреді, ішімдік ішеді, өздеріне жараспайды" деп айтқанын қаламаймыз. Жұмыс уәкілетті этика бойынша күшейтілетін болады", - деді Жайылғанова ҚР үкіметінің баспасөз мәслихатында.

Тілшілер мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта қайда  демала алатындығын нақтылап сұрағанда: 

"Менің ойымша, қандай жағдайда да олардың (мемлекеттік қызметкерлердің) қоғамдық орындарда мас күйінде жүруіне мен қарсымын. Менің позициям осы", - деді МҚІА басшысы.

Талқылау