Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Түн ортасында шыңғырған дауыс естіледі: Шымкентте анасы өз балаларын аяусыз ұрған

Шымкент қаласының тұрғыны көршісінің балаларын аяусыз ұрып-соғатынын, тіпті, кейде түн ортасында сәбилердің шыңғырған дауыстары естілетінін айтып, видео түсіріп телеарнаға жіберген. Хабарламасында ол мекен-жайды көрсетіп, балаларды өз анасынан құтқару үшін араласуды сұраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп. 

Видео жіберген Шымкент қаласының тұрғынының айтуынша, балаларға күнде тыныштық жоқ. Кейде олардың ащы даусы түннің ортасында да естіледі екен.

Видеода көрсетілген мекенжайға журналисттер келгенде адамдар біздің шаруамыз емес деп, қандай да бір ақпарат беруден бас тартқан. Өз балаларын ұрды деп айып тағылған анамен тілдесіп көруге талпынғанда бірдеме деп айтудан бас тартқан.

Дегенмен, әйелдің айтуынша үш баласын жалғыз өзі бағып отыр. Үлкені 11 жаста. Видеода көрсетілген жағдайды балаларыма қол көтерген жалғыз рет деп ақталған.

Балаларға аяусыз ұру-соғу қылмыстық іс ретінде қаралатын дүние. Бұл үшін баласын соққан ана мемлекетке жүздеген мың айыппұл төлеуі мүмкін. Тіпті, түрмеге қамалып, ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

"Бұл іс бойынша қызметкерлер жұмылдырылды. Бұл істен хабардармыз", - деп айтты Шымкент қалалық отбасы, жастар және балалар басқармасының басшысы Жандос Қалтаев.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр