Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Түлектері вип-кортежбен қыдырған "Жас ұлан" әскери мектебінің директоры қызметінен босатылды

Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің директоры түлектердің кортежінің видеосы желіде жарияланғаннан кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаментінің басшысы Қайрат Көпбаевтың сөзінше, желіде тараған видеодан кейін тексеріс жүргізілген. Ол видеоның тек қоғамда емес, әскерилердің арасында да жағымсыз пікір тудырғанын атап өтті.

«Оқиға тапсырылған бөлімде бақылау мен жапы басшылықтың әлсіреуі жағдайында тәрбиелік жұмысты әлсіз ұйымдастыру нәтижесінде орын алған. Сол үшін бүгін мектеп басшысы, подполковник Жабағин мен оның екі орынбасары қызметінен босатылды», - дейді Көпбаев.

Сонымен қатар Көпбаев қымбат көліктердің жүргізушілердің әрекетінен әкімшілік құқықбұзушылық белгілері байқалатынын айтты. 

Оның сөзінше, оқушыларға қатысты жазалау шаралары қолданылмайды. Олармен тәрбиелік-профилактикалық сипаттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Момышұлы атындағы "Жас ұлан" мектебінің түлектерінің вип-кортежбен қыдырған видеосы желіде дау тудырған еді. Қыдырып жүрген түлектер  көліктің терезесінен жартылай шығып алған.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр