Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойға сақина алмақ болған: Қалыңдығы өзі үшін банк тонаған сүйіктісін ұстап берді

Техас тұрғыны Хит Эдвард Бампус сүйіктісіне үйлену тойын жасағысы келді, бірақ сақина сатып алуға және рәсімді төлеуге қажетті соманы жинай алмады. Сондықтан ол өмірінің басты күнінен бір күн бұрын банкты тонауға шешім қабылдады.

Тойға сақина алмақ болған: Қалыңдығы өзі үшін банк тонаған сүйіктісін ұстап берді

4 қазан күні таңертең күйеу жігіт үйінен төрт шақырым жерде орналасқан Гровтон қаласына келіп, банк филиалының есігінен өтіп, кассадан барлық ақшаны шығаруды талап етеді. Егер ақша бермесе, қару қолданамын деп қорқытады.

Қарақшы мен банк қызметкерлерінің арасында қысқа диалог болған. Жігіт өзінің ұры емес екенін, бірақ үйлену тойына ақша керек екенін мойындады. Қолма-қол ақшаны алып, машинасына мініп кетіп қалады. Жол бойына қаруы мен барлық киімдерін лақтырып жіберіп, үйіне қарай беттейді.

Ер адам бейнекамераларға түскенін және полиция оның бетін анықтай алғанын ескермейді.

Полиция ұрының суретін жариялап, іздеу салады. Сүйіктісінің суретін қалыңдығы да байқап өалады. Ол жігітті билікке беріліп, кінәсін мойындауға көндіреді. 

Ер адам ұрланған соманың көп бөлігін қайтарғаны туралы хабарланған. Оған  тонау ісі бойынша айып тағылып, қамауға алынды.

Талқылау