Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Той қашан болатынын білмеймін": Аян Өтепберген Гүлнәз Жолановаға деген сезімін ашып айтты

Аян Өтепберген Гүлнәз Жолановаға деген сезімін ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап.

Гүлнәз Жоланова мен Аян Өтепбергеннің арасындағы сезімдер жайлы жұрт шулағалы екі жылға жуық уақыт болды. Осы алыпқашпа әңгіменің нүктесін Аян Өтепбергеннің өзі қойды. Өнер иесінің айтуынша Гүлнәз Жолановаға сезімі болған, алайда, кейін суып қалған сыңайлы.

"Халық шулап жатыр ғой. Шындықты айтайын, біз ол кісімен доспыз. Той қашан болатынын білмеймін енді. Дос болып қалатын болып келістік. Қазір бірге қыдырып жүрген жоқпыз. Сезім болды. Бірақ, қазір жоқ", - деп сезімнің болғанын жасырмады.

Әзірге Аян Өтепбергеннің ешбір қызға көңілі түспеген. Өнер иесі болашақ әйеліне қоятын талаптарын айтты.

"Өнер адамын түсінетін, өзін меннен кейінгі орынға қоятын адам керек", - дейді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр