Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді – Тоқаев Саяси қуғын-сүргін туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қуғын-сүргін

Президенттің пікірінше, азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз.

“Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе”, – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Сонымен қатар мемлекет басшысы ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-баба үмітін ақтау қажет екенін атап өтті.

Талқылау