Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Төсекке жатқанша көз ілмейтін": Еркін Нұржановтың анасы туралы естелігі жұрттың жүрегін елжіретті

Белгілі әнші Еркін Нұржановтың анасы туралы естелігі жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Соңғы уақыттары сахнадан көрінбей кеткен өнер иесі анасының қазасынан кейін, әкесінің жағдайын ойлап туған жері Шымкентке көшіп кеткенін айтты. Әнші өмірдегі ең жақын адамы туралы естелігімен бөліскен. Осылайша Еркін Нұржанов анасын еске алып, жұрттың жүрегін елжіретті.

"Қай уақытта келсең де, төсекке жатқанша ол кісі көз ілмейтін. Білдірмей, ұрланып, тыныш кірейін десем де, алдымнан шығып, міндетті түрде маңдайымнан сүйіп, "Жаурап қалмадың ба? Шай іш, сен келеді деп ішпей отыр едім, бір кесе ішейікші" деп дастарханға отырғызып, жағдайымды біліп отыратын. Қас-қабағыма қарайтын. Анама жақын болдым", - дейді Еркін Нұржанов. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр