Төрт партия Мәжіліс сайлауына қатысу үшін орталық сайлау комитетіне құжаттар тапсырды
Төрт партия Мәжіліс сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттар тапсырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төрт партия құжат тапсырған.
"Биыл 6 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды", – делінген хабарламада.
1. "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
2. "Ақ жол” Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
3. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" республикалық қоғамдық бірлестігі;
4. "Байтақ" қазақстандық жасылдар партиясы " қоғамдық бірлестігі.
Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс пен мәслихаттарға кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтеді. 20 қаңтардан 8 ақпанға дейін мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну өтуде.
18 ақпанда сағат 18.00-де партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік