Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ел біріншілігінің жартылай финалына шықты
Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жастар арасындағы әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанған Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ел біріншілігінің финалына шығуға бір табан жақындады.Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында боксшы 67 келі салмақта өнер көрсетіп, алғашқы айналымда Айбек Төлегеновті жеңсе, екінші кезеңдегі қарсыласы шаршы алаңға шыққан жоқ. Ал ширек финалда Төрехан Бақтияр Анарбаевтан басым түсті. Енді ол жартылай финалда Елнұр Сүйінбайға қарсы жұдырықтасады.
Айта кетейік, Төрехан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы. Ол жақында ғана Черногорияның Будвада қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған еді.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған

