Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ел біріншілігін айқын жеңіспен бастады
Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында бағын сынап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жастар арасындағы әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанған Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ел біріншілігін сәтті бастады. Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында боксшы 67 келі салмақта өнер көрсетіп, алғашқы жекпе-жегінде айқын жеңіске қол жеткізді. Төрехан бірінші айналымда ақмолалық боксшы Айбек Төлегеновпен жұдырықтасып, жеңіске жетті.
Айта кетейік, Төрехан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы. Ол жақында ғана Черногорияның Будвада қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған еді.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған

