Төреғали Төреәлі жас келін атанған Ерке Есмаханға өлең арнады
Танымал әнші Төреғали Төреәлі өнердегі әріптесі Ерке Есмаханға өлең арнап, қуанышымен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/toregalitoreali/erke_esmahan
Өнер иесі арнауын өзінің желідегі парақшасында жариялады.
Ерке қыз, күн қыз, жұлдыз қыз
Алла қосыпты айыңмен.
Алла қосса, біз кімбіз?!
Бақытты бол Райыммен!
Біздерді жұп қып жаратқан
Құдіретті Құдай пайыммен.
Дәл солай сені қосыпты-ау
Сахнадағы сай ұлмен.
Құттықтайды ТТТ-лар
Болып жатқан тойыңмен”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылар Төреғалиға қошемет сөздер айтып, әншілердің сыйластығына сүйсінді.
“Нағыз дос азамат деп айтуға болады. Шын көңілінен жыр арнаған”, “Есті жігіт, өлең жолдармен тілек айтыпты”, “Жарайсың. Керемет тілек”, – деп жазып жатыр желідегілер.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген