Тоңазытқыштың есігімен қылқындырған: Атырауда итті қинаған азаматқа қатысты іс қайта қозғалды

Атырау облысында тоңазытқыштың есігімен итті тұншықтырып, қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қайта жүргізіледі. Бұл туралы адвокат Жангелді Сүлейманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Facebook-тегі парақшасында Сүлейменов бұл іс бойынша сот шешіміне шағым жасағанын хабарлады.

"Атыраулық садист итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ іс тоқтатылды, итке ешқандай зиян келмеген-мыс. Егер итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырса, бұл зиян емес пе? 3 шілдеде мен бас прокуратураға істі тоқтатуды жою және оны қайта ашу туралы шағым бердім.

Бас прокуратура менің арызымды Атырау облысының прокуратурасына жолдады.Міне, бүгін садистке қатысты  қылмыстық істі тоқтату жойылып, қайта қозғалғандығы туралы хат келді. Бұл жолы ол жауапқа тартылады деп сенемін", - деп жазды Жангелді Сүлейманов.



Сонымен қатар, Жангелді Сүлейменов істі соңына дейін жеткізуге және әділ жазаға қол жеткізуге дайын екендігін білдірді.

"Қалыпты сараптама жасалады деп үміттенемін. Садист қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олай болмаған жағдайда, егер қазір тыныш қалдырса, "дене жарақатын салмастан қорлау" жалғасады. Бәрі видеоларды жариялай бастайды, жануарларды іліп алып, ешқандай зиянын тигізбегенін айтады. Сондықтан мұндай қылмыстарды тоқтату керек", - деді адвокат.

Еске сала кетейік, Атырау облысында итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырған ер адам видеосы желіде тарап, ол ұсталды. Кейін ол мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндірді. Зооқорғаушылар болса итті тексеріп, оның жағдайын анықтады. 

Итте дене жарақатының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр