Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Томирис" фильмінің трейлері шықты

"Томирис" фильмінің трейлері шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сақ патшайымы туралы түсірілген фильмнің трейлері шыққанын режиссер Ақан Сатаев әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Трейлердің қазақша және орысша нұсқаларын желілерден көре аласыздар.

"Достар, зор қуанышпен назарларыңызға көптен күткен трейлерімізді ұсынамыз. Туынды күзде жарыққа шығады", - деп жазды Ақан Сатаев. 

Томиристің рөлін 1990 жылы туылған жас актриса Альмира Тұрсын ойнайды. Кинокартинада бой көрсету үшін актриса аттың үстінде жүру және сахналық күрес курстарынан өткен. 

"Альмира үшін бұл үлкен кинодағы дебьют болмақ", - дейді Ақан Сатаев.

Туындыда сақ патшайымы Томиристің кең даланы жаулап алмақшы болған парсылармен соғысын көрсетіледі. Фильм ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм"  мен "Сатайфильм" студияларының бірлескен жобасы.

Естеріңізге сала кетейік, Ақан Сатаев - қазақстандық режиссер, "Рэкитир", "Анаға апарар жол", "Жаужүрек мың бала" фильмдерінің авторы, Sataifilm студиясының басшысы.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Кім көрінгенді алады": Бақытжан Сағынтаев Алматы автобустарының жүргізушілері туралы

Қала басшысы биыл Қытайдан 200 автобус келетінін айтты

Сот Таразда жетімдер үйінің негізін салған америкалыққа Қазақстанда тұруға рұқсат бермеді

Шетелдік азаматша Тараздағы балаларға көмек көрсететін қордың негізін салушы

Осымен екінші рет: Түркістан облысында ер адам кейуананы тірідей өртеп жібермек болды

Қария полицейлердің тек таңертең келгенін айтып шағымданды

"Бір шешімге келіп, ұсыныс жасадым": Кентал Әсел Асқардың қолына сақина тақты

Өнер иесі атышулы арудың жақсы қасиеттерін айтып берді

Адам ағзаларын тура көшеде тұрып өртеген: Шымкентте шу шықты

Компания биыл үш рет ұсталса да, ереже бұзуды жалғастыруда

"Қасымда бол": Салтанат Бақаева күйеуіне арнап бейнебаян түсірді

Жұрт жұлдызды жұпқа бақыт тіледі

Ресейде полицейлер қазақстандық қызды зорлады: ҚР СІМ түсініктеме берді

Ресейде полицейлер зорлаған қазақстандық қыз елшіліктің көмегіне жүгінбеген

"Аздап қорқып тұрғаным рас": Головкин қарсыласы Деревянченко туралы

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 5 қазан күні өтеді

"Осының есі орнында ма?": Сәукеле киген отандық әзілкеш сынның астында қалды (видео)

Өнер иесі әйелдер киінетін дүкендердің бірінде киім таңдап, жұртты күлдірмек болған

"Әлі соңымыздан келе жатыр": Асылхан Төлеповтің келіншегі күйеуінің артынан қалмай қойған қыздар туралы айтты

Актердің табынушылары келіншегінен ұялады екен
Çàãðóçêà...