Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Томирис Байсафаның ісіне қатысты тергеу неліктен ұзаққа созылды? СІМ жауап берді

ҚР Сыртқы істер министрлігі Мәскеуде оқу орнының ғимаратының терезесінен құлап мерт болған қазақстандық Томирис Байсафаның ісіне қатысты тергеу жұмыстары неліктен ұзаққа созылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Томирис Байсафа

«Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің жанындағы консулдық бөлім бұл мәселені айрықша бақылауда ұстап отыр. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде. Біздің мәлімет, бойынша, өкінішке орай, тергеуші өзгерген. Сондықтан іс созылып кетті.

Алайда консулдық бөлім барлық мәселені бақылауда ұстайтын болады», – дейді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров.

Айта кетсек, таяуда марқұмның анасы да тергеу жұмыстары жөнінде мәлімдеме жасаған еді. Айтуынша, аталған істі тергеу барысында осымен қосқанда тергеуші төртінші рет ауысып отыр. Осыған орай Томиристің анасы Жанна Ахметова істі тергеушілер қасақана созып отырғанына сенімді.

Атап айтсақ, Жаннаның өзінен де куәлік қазір ғана алынып жатыр. Ол Мәскеуден келгені осы және оның айтуынша, жүргізіліп жатқан істе айтарлық өзгеріс пен ілгеріліс жоқ. Ал жуырда ғана ауыстырылған үшінші тергеушіні төртіншісі алмастырды. Осы себептерге байланысты іс жай жүргізіліп, сараптама нәтижелері де уақытылы дайын болмай жатқан көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау