Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тоқалдарын тықпалағысы келген": Аша Матайға "Қалауымды" жүргізбес үшін ақша ұсынған

Жуырда ғана жаңа жобаның тізгінін қолына алғанын хабарлаған Аша Матайға "көкелер" мен "дөкейлер" бағдарламаны жүргізбе деп ақша ұсынған. Бұл туралы танымал тележүргізуші инстаграм парақшасында бөліскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аша

Кенеттен қызыққа тап болдым деген Аша жаңа жобаға жүргізуші боламын деп хабарлаған соң, телефонына тыным болмағанын айтады. Қоңыраулардың арасында жүргізуші болма деп өтініп, ақша ұсынғандар да болған екен.

"Бір қызығы қоңыраулардың бірінде маған жоба жүргізушісі болмауымды өтініп, ақша ұсынғандары болды. Түсінгенім, бұл оғаш қылықтың барлығы менің жүргізуші болмауым үшін ойластырылғандай көрінді. Тамсанып отырмын. Бұл әлгіндегі пысықай «көкелер» мен «дөкейлердің» құйтырқы әрекеті деп топшылаймын. Тоқалдарын тықпалағысы келгені болар...", - деген Аша мұндай ұсыныстың себебін де ашық айтты.  

"Ия,рас! "Еуразия" арнасы қашан да рейтингі жоғары жобалардың ордасы екені мәлім. Сондықтан болар, батпанқұйрыққа салынып, кей айлакерлердің эфирдің ішкі кухнясына араласқысы кеп жүргені. Ал қолынан келмейтіндер мұндайда ашық түрде аяқ шалмақ болады. Мұндайда «дайын асқа тік қасық» деген орамды ой санаға оралады", - дейді жеңілдің үстімен жүргісі келгендерге ренжіп.  

Арзан ақша табудан аулақ екенін айтқан Аша: 

"Мен үшін маңдай ақы термен тапқан аз-маз қаржым абыройлы!  Ұятты! Сол үшін мендік жол осы. Дәлірек айтсақ, адалы осы!"- дейді. 

"Ауызы үлкен екен": Аша Матай келін түсірді (видео) >>>
Талқылау