Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаевтың тапсырмасымен қазақстандықтардың несие қарызы қашан жабылады

ҚР еңбек министрлігінің порталындак көмекке мұқтаж қазақстандықтардың банктік қарыздарын есептен шығару туралы қарар жобасы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаевтың тапсырмасымен қазақстандықтардың несие қарызы  қашан жабылады

Тоқаевтың тапсырмасымен мына санаттағы азаматтардың 300 мың теңге көлеміндегі қарыздың бір бөлігі есептен шығарылады:

  • Көпбалалы отбасылар;
  • Асыраушысынан айрылған отбасы ретінде жәрдемақы алатындар;
  • Мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан мүгедек балалар;
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • Жетім балалар;
  • Жиырма тоғыз жасына дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмілет жасына дейін ата-анасынан айырылғандар.

Еске салайық, осы жылдың 1 маусымындағы есеп бойынша несие қарызы 3 млн теңгеден аспауы тиіс.

Қарар жобасында өтеу мерзімдері мен процедуралары толығырақ баяндалады.

  1. Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 12 шілдесіне дейін еңбек министрлігіне жетім балаларды, 29 жасқа дейінгі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кәмілет жасына дейін ата-анасыз қалған балалардың тізімін жібереді.
  2. Еңбек министрлігі 2019 жылдың 15 шілдесіне дейін қарыздар мен займдар бойынша қарыздарды есептен шығаратын қарызгерлер тізімін жасайды. Ведомство осы тізімді мемлекеттік несие бюросына жібереді.
  3. 2019 жылдың 20 шілдесіне дейін мемлекеттік несие бюросы банктерге және микроқаржы ұйымдарына тиісті тізімді ұсынады.
  4. Банктер мен микроқаржы ұйымдары 2019 жылдың 25 шілдесіне дейін мемлекеттік несие бюросына мұқтаж адамдарға берілетін қарыз туралы ақпарат жібереді.
  5. Мемлекеттік несие бюросы, 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін ұсынылған тізімнің әрқайсысы бойынша жалпы қарызды есептеп шығарады және жалпы қарызы 3 миллион теңгеден аспайтын тұлғаларды анықтайды. Ол сондай-ақ негізгі борыш бойынша қарызы бар адамдар мен 300 мың теңгеден сыйақы төлемдерінің тізімін құрайды. Бұдан кейін бюро проблемалы несие қорына, екінші деңгейлі банктерге және микроқаржылық ұйымдарға төлемдер тізімін ұсынады.
  6. 2019 жылдың 15 тамызына дейін еңбек министрлігі проблемалық несие қорына ақша аударады.
  7. Проблемалы несиелер қоры 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін банктерге және микроқаржы ұйымдарына ақша аударады.
Тоқаев: Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салу қажет
Пікір қалдыру үшін сізге сайтқа кіру керек
Талқылау
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

«Аралтұз» АҚ тұз құрамынды әйнек жүр деген ақпаратқа жауап берді

Желіде тұз құрамында әйнек бары айтылған аудио-видео тарады

"Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

Ол маса шаққаннан кейін сирек кездесетін ауруды жұқтырған

Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Сержанттардың тәртіпті көп бұзатыны анықталды

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

Ләззат Ибрагимова АӘК мен әлеуметтік жәрдемақылардың кіріс деп саналмайтынын айтты

"Біреудің пешін жағып, еденде ұйықтаған": Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді (видео)

8 балалы ана бұған дейін өзгенің отын жағып, үйін тазалап күнелтіпті

"Қатын болып жүрген жеріңнен адам қылдым": "Шімән апа" танымал тележүргізушіні әшкереледі

Ерболат Төлеген: Халық кімнің кім екенін білу керек

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Куәгерлер оқиғаның суреттерін бөлісті

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Қайырбек Өскенбаев: Мен де, министр де бірден аналардың бәріне үй бере алмайды

"Көз жасымды тоқтата алмадым": Жанар Хамитованың өлімінен кейін есеңгіреп қалған ақын қыз арнауын жазды

Берлібаева Азиза: "Біреу келіп түсімнен оятып жіберсе екен"
Çàãðóçêà...