Тоқаевтың президент болатыны 20 жыл бұрын болжанған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болатыны осыдан 20 жыл бұрын болжанған. Оған мұндай пікірді досы, ресейлік танымал елші Евгений Бажанов айтқан екен. 

Тоқаев

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Евгений Бажановтың сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 2000 жылдардың басында Ресей СІМ-нің Елшілік академиясында докторлық диссертациясын қорғаған кезде, ол ғылыми жетекшісі болыпты. 

Бұл уақытта Тоқаев Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарған. Ол осыған қарамастан, Мәскеуге барып, 5 сағат көлемінде Жоғары аттестация комиссиясының сұрақтарына жауап беріпті.

«Қасым-Жомарт керемет жауап берді. Ол қорғаудың ұзаққа созылғанына қысылған жоқ», - дейді Бажанов. 

Елшінің сөзінше, Тоқаев диссертациясын сәтті қорғап шыққан. Мұнан кейін олар Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігіне барыпты.

«Мен Тоқаевтың ғылыми жетекшісі ретінде тілек білдірдім. Елшілік академиясында диссертация қорғағандардың бәрінің мансабы тамаша болатынын айттым. Қасым-Жомарт Кемелұлына келер болсақ, оған Қазақстанда өсетін жер жоқ еді – ол екінші адам, ал басшы – қазақ халқының лидері Нұрсұлтан Назарбаев. Алайда ол Біріккен ұлттар ұйымына бара алар еді», - дейді елші. 

Бажановтың айтуынша, мұнан кейін дастархан басында отырғандардың жартысына жуығы орнынан тұрып кеткен. Олар Елбасына хабарласып, Тоқаевтың әрі қарайғы мансабы туралы сөйлесіпті.

«Тілек білдірген кезде әзілдегенімді қанша түсіндіруге тырыссам да, ештеңеге меңзеген жоқ едім. Мені ешкім тыңдаған жоқ», - дейді Бажанов. 

Десе де ол Тоқаевтың БҰҰ-ға жіберіліп, сол жерде бас хатшының орынбасары қызметін атқарғанын атап өтті.

Бүгінде мемлекет басшысының досы сол кездегі жағдай кездейсоқтық болды ма, әлде Тоқаевтың президент болатынын болжады ма, өзі де түсінбейтінін айтты. 


Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы білгіңіз келгеннің бәрі

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы тұрғындарын алдап келген риэлтор

9 қылмыстық іс бойынша жала жабылды

Алматыда балалар үйінің із-түзсіз жоғалып кеткен тәрбиеленушісі табылды

Полиция оны аман-есен тапты

Ер адам мұсылман әйелді жүктілігіне қарамастан аяусыз ұрып тастады (видео)

Әйел жүктілігінің 9-айында жүрген

Доллар бағасы 385 теңгеге төмендеді

"Алматыда жұмыс істеу мүмкін емес". Jah Khalib Дмитрий Гордонға сұхбат берді

Алматы тек демалыс үшін ғана қолайлы

Оралда 10 жасар қыздың өлімінен кейін қала әкіміне сөгіс жарияланды

Облыс әкімінің сөзінше, қалада адам өліміне алып келетін жол апаттарының саны 41 пайызға артқан

Мемлекеттік бағдарлама бойынша қалай баспаналы болуға болады: Қазақстандықтардың қандай мүмкіндіктері бар

Елімізде жаңа жылдан бастап екі жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Екі көлігін иемденіп алған: Алматы облысында әйелді сан соқтырып кеткен альфонс ұсталды

Ол алаяқтық жасады деп күдіктеліп отыр

Мемлекеттік корпорация менеджері қыз баланы балағаттап, артынша жұмысқа келмей қойған

Аграрлық кредит корпорациясының қызметкері болып шықты

Сот танымал блогер Әсел Баяндароваға қатысты үкім шығарды

Ол кінәсіз деп танылды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр