Тоқаев Түркияға қосымша көмек жіберуді тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға қосымша көмек жіберуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда таратқан ақпаратқа сүйеніп.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді", - делінген сейсенбі күні тараған ақпаратта.
- Түркиядағы қазақстандық студенттерді қабылдауға дайынбыз - Саясат Нұрбек
- Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен тұтас бір қала сүріледі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі.
Еске салайық, бұған дейін президент Түркияға көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырған болатын. Қазақстандықтар республика бойынша 115 тонна гуманитарлық көмек жиналған. Ал Түркістан облысында Түркияға 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген