Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев шенеуніктерге арналған "астауларды" жабуды тапсырды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жолдауында мемлекеттік сатып алуға жұмсалатын қаражаттың үлкен бөлігі  бәсекеге сай емес әдіспен жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

тоқаев

Тоқаевтың мәлімдеуі бойынша, биыл мемлекеттік сатып алудың көлемі 4,4 триллион теңге болған. 75 %- ы бәсекеге сай емес әдіспен жүзеге асқан. 

"2018 жылы мемлекеттік сатып алулардың көлемі 4,4 триллион теңгені құрады. Оның 3,3 триллион теңгесі бір дереккөзден бәсекеге сай келмейтін әдіспен жүзеге асқан. Шенеуніктерге арналған "астауды" жабатын уақыт келді", — деді президент. 

Сонымен қатар, ол атаулы әлеуметтік көмекті көрсету процессіне назар аударды. 

"5 жылдың ішінде атаулы әлеуметтік көмекті алатындардың саны 77 мыңнан 1,4 миллион теңгеден асатындай өсті. Әлеуметтік қолдауға бюджеттен бөлінетін қаражат 2017 жылдан бері 17 рет өсті. Басқаша айтқанда, көптеген адамдар жұмыс істегісі келмейді немесе табыстарын жасырады", — деді Тоқаев.
 

Талқылау