Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы 29 наурызда өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін: Сегізінші сайланған парламенттің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын", - делінген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бүгін, 27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен мәжіліс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Оған сәйкес мәжіліске алты партия – Amanat, Ауыл, Respublika, Қазақстан халық партиясы, "Ақ жол", Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өтті.

Депутаттық мандаттар саяси партиялар арасында былай бөлінді:

Amanat партиясы – 40;

"Ауыл" партиясы – 8;

Respublika партиясы – 6;

Қазақстан халық партиясы – 5;

"Ақ жол" партиясы – 6;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4.

Қалған 29 депутат мәжіліске бір мандатты округтер бойынша сайланды.

Талқылау