Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Назарбаевтың 2020 жылғы сайлауға қатыспайтыны туралы айтқан сөзін түсіндірді

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев “Би-Би-Си” арнасындағы Hardtalk бағдарламасының жетекшісіне берген сұхбатын түсіндірді. Онда ол Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылғы президенттік сайлауға қатыспайтыны туралы өз ойын айтқан болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Менің ойымша, осы сұхбатта назар басқа жаққа аудырылған, өйткені онда көптеген мәселелер талқыланды. Бұл мәселе сол сұрақтардың бірі ғана. Hardtalk бағдарламасының аясында сұхбат беру өте қиын. Бірақ соған қарамастан, осы әңгімеге шығуды қажет деп есептедім. Себебі, Батыс мемлекеттері Қазақстанды түсінуі үшін бізге елімізде демократияны, экономикалық әлеуетті дамыту жолында қандай жұмыстардың жасалынып жатқанын айту керек. Меніңше, сұхбат бұл мәселеде пайдалы болды деп ойлаймын», – деді Тоқаев бейсенбі күні журналистерге.

«Мен ең алдымен, шешімді Елбасының өзі қабылдайды дедім. Ол парасатты, дана, ақылды адам, ұлы көшбасшы, бұл жері сұхбаттан алынып тасталған. Әңгіме барысында айтылған бұл сөзге қатысты қара аспанды төндірудің қажеті жоқ»,- деді Тоқаев.

Ол, Назарбаев келесі сайлауға қатыса ма, қатыспайма оған қарамастан, «ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша соңғы сөз» Назарбаевқа тиесілі екенін атап өтті, себебі ол «ұлт көшбасшысы және сол қалпында қалады».

Журналистер Тоқаевтан Назарбаевқа қатысты сұрақтан бөлек, 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға тағы кімдердің қатыса алатыны туралы сұрады. Алайда ол бұны құзырындағы мәселе емес деп, сұрақтың дұрыс бағытталмағанын айтты.

«Мен өз сөзіме жауап беремін. Ол сұхбатта еліміздің өзінің ұлт көшбасшысы бар екенін айттым, оны еліміздің бүкіл халқы дерлік қолдап отырғанын айтпағанда, халықаралық аренада орасан зор беделі бар дедім», – дейді Тоқаев.

«Біз барлық нұсқаларды ескеруіміз керек», – деді Сенат спикері журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жазда 78 жасқа толады. Ол 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғашқы бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысы бойынша президент болып, содан бері елді басқарып келеді. 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен соңғы кезектен тыс сайлауда мемлекет басшысы сайлаушылардың 98% дауысын иеленіп, бесінші рет жеңіске жетті. Оның өкілеттігі 2020 жылдың сәуірінде аяқталады. Конституцияға сәйкес, Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті ретінде бұл лауазымға өмір бойы сайлауға түсе алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. https://t.me/stankznews

Талқылау