Тоқаев мерзімді әскер қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев борышын өтеген әскерилерді запасқа шығару және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында өтеді.
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2023 жылдың наурыз–маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын", – делінген қаулы мәтінінде.
Қаулы 3 ақпаннан бастап күшіне енді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген