Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев майнерлердің қызметін реттеу туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" заңға қол қойды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

майнер

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойылды.

"ҚР-дағы цифрлық активтер туралы" заң және оған ілеспе түзетулер пакеті майнерлердің қызметін реттейді.

Атап айтқанда, құжатта салық салу мақсатында цифрлық майнерлер мен пулдың кірістері туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты нормалар бар.

Құжаттар цифрлық активтер мен майнинг қызметін дамыту жөнінде құқықтық база жасау, субъектілердің қызметіне салықтық мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ цифрлық активтер саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті жүктеу мақсатында әзірленді.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 17:38
Талқылау