Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялау туралы өкімге қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ұсынымы негізінде өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылауды әлсіреткені, соның салдарынан Арыс қаласында әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына жол берілгені үшін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа қатаң сөгіс жарияланды», - делінеді мәтінде.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыста болған төтенше жағдай үшін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа сөгіс жариялаған еді.

Талқылау