БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев қоластындағыларға WhatsApp арқылы тапсырма беретінін айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоластындағыларға кей тапсырмаларды WhatsApp мессенджері арқылы беретінін айтты. 

Бұл туралы президент «Россия» арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазір мен олармен үнемі байланыста бола алмаймын. Алайда Мәскеуде болған кезімде көрісуге тырысамын. Бірақ қазір интернет бар. Маған әлеуметтік желілер таңсық емес. Мен әлеуметтік желілерде жұмыс істеймін. Айта кетсем, кей тапсырмаларды WhatsApp арқылы беремін», - дейді Тоқаев. 

«Қауіпсіздік жағынан бұл дұрыс емес болар. Есесіне жылдам», - деп жалғастырды президент. 

Сонымен қатар ол Twitter желісінің белсенді қолданушысы болып табылады. Тоқаев аталған желіні Біріккен Ұлттар Ұйымынан «алып келгенін» атап өтті. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Instagram желісін қолданатынын айтты.

«Instagram-дағы парақшаны президент атанғаннан кейін ашқанымды мойындаймын. Маған солай кеңес берді», - дейді президент. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр